Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер «Отандастар» бизнес-форумына жиналды

13 қыркүйек, 2024 / Админ
Отандастар қоры
Форумның негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанның экономикалық дамуына тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату.

13 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған бизнес-форум өтуде.

Форумға әлемнің 12 елінен келген 50-ден астам қандас кәсіпкер, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерлер қатысуда. Жалпы, 200-ге жуық қатысушы жиналып, шетелдегі және Қазақстандағы бизнес қауымдастық өкілдері бірлесе жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін өзара пікір алмасуда.

Форумның негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанның экономикалық дамуына тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, шара барысында Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетілмек.

Форумның негізгі міндеттері:

Форум барысында Форум қатысушыларының ұсынысымен «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесі» құрылады деп жоспарлануда. Бұл кеңес шетелдегі этникалық қазақтардың бизнес белсенділігін арттыру және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтап қалу мақсатында жұмыс істейтін болады.

Қатысушы елдер: АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Түркия.

Тэгтер:

Отандастар қоры шетелдегі қазақтар бизнес форум