Жаңалықтар

Жорға бәйгеден Қазақстан күміс жүлде алды

9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді.

Жорға жарысқа 18 қатысушы қатысты. Қырғызстандық «Чиксон Лок» мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстан сәйгүлігі «Ақ-жауын» екінші болып келсе, қырғыз тұлпары «Императрица»  үштікті түйіндеді.

1-орын: Чиксон Лок. жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);

2-орын: Ақ-жауын. Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);

3-орын: Императрица. Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).