Жаңалықтар

АЭС: Халықтық штаб өкілдері «Атырау-Жарық» АҚ ұжымымен кездесті

Штаб мүшелері атом электр станциясының көміртегі шығарындыларын азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға қалай ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында штаб мүшелері Бекет Кенжеғұлов, Ақылбек Құлбарақов, Қаршыға Жауымбаев, Людмила Кубаентаева Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көміртегі бейтараптығына жету жолдары және АЭС құрылысының артықшылықтары туралы сөз қозғады.

Штаб мүшелері атом электр станциясының көміртегі шығарындыларын азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға қалай ықпал ететінін атап өтті.

«АЭС-тың пайдасы, біріншіден энергия тапшылығын жою, екіншіден Париж меморандумына сәйкес жасыл экономика, таза экология қағидасына Қазақстан елінің сәйкес келуі. Бұл жерде бір килограмм уранның шығаратын энергия қуаты 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайдың шығаратын энергия қуатымен тең екендігін және АЭС жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл қалдығының алдын алатындығын айта кеткен жөн. Үшіншіден, шикізат көзі болып табылатын уран Қазақстанда жылына 20 мың тонна өндіріледі. Әлемдегі уран өндірісі көлемінің 40%-ы және Қазақстан уран қоры мен өндіруден алғашқы орында. Ал, 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша бірінші орынға ие. АЭС-тың зияны туралы айтқанда, Чернобыль, Фукусима және т.б. жағдайлар халықтың есіне түседі. Әрине, бұл ащы да болса тарихи шындық. Ал, қазір жаңа технологияның өркендеу кезеңінде 3, 3+, 4-ші буынды реакторлар қауіпсіздік кепілі бола алады. Өрт, басқа да төтенше жағдай туралы жүйе белгі беретін болса, ондайда реакторлар өздігінен оқшауланып, «құлыпталады» екен», - деді техника ғылымдарының докторы, профессор Бекет Кенжеғұлов.

Аталмыш мекеме ұжымының қызметкерлері де тақырып аясында өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен жауабын алды.

Кездесуді қорытындылаған үгіт-насихатшылар қызметкерлерді 6 қазан күні референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.