Жаңалықтар

Ұшқыр бәйге: 3200 метрде үш жүлдені де қазақстандық жүйріктер алды

Ұшқыр бәйгеден 3200 метрлік жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйрік анықталды.

3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты. Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленсе, үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді.

1-орын: Лайф’с Э Бриз, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);

2-орын: Уэст Кост Найт, бапкері  – Жусупов Даурен, ат иесі Жусупов Даурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);

3-орын: Аляска Тайгер, жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).