Жаңалықтар

Ұшқыр бәйге: 2400 метрде үш жүлдені де қазақстандық жүйріктер алды

Ұшқыр бәйгеден 2400 метр жеңімпаздары анықталды.

Ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды.

2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» келсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев,(Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан);