Халықтық штаб: Газ электр станциясына қарағанда АЭС-тің зиянды шығарындылары аз
Штаб мүшесі Қыдырбай Шудабаев атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтындығы туралы сарапшы мамандардың дәлелді пікірлерін жеткізді. Ол әлемдегі дамушы және дамыған елдердің АЭС-ті пайдаланудағы көп жылғы тәжірибелерін үлгі етті.
AMANAT партиясының Мәртөк аудандық филиалы төрағасы Ануар Искарин атап өткендей, энергетика саласы мамандары ядролық энергияны «жасыл» деп таныған. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда экологиялық жағынан таза болып табылады. Яғни көмір және газ электр станцияларымен салыстырғанда АЭС зиянды шығарындыларының көлемі шамалы.
Кездесуде электр энергиясын беруге қатысты өзге де мәселелер айтылды.
-Кейінгі жылдары электр энергиясы төңірегінде мәселелер жиі төбе көрсетіп келеді. Мәселен ауа райының қолайсыздығының салдарынан Мәртөк ауданында жарық жиі өшіп тұрады. Оның себебі, электр желілерінің 80 пайызы тозған. Оны жаңарту үшін қыруар қаражат қажет. Ал біз қазір 100 млрд теңгенің үстінде өзге елдерден энергия сатып алып отырмыз. Энергияны тұтыну қарқыны жылма-жыл өсіп келе жатқанын да ескеру қажет, - деді Ануар Искарин.