Жаңалықтар

«Sprinter көлігін басып қалды»: Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

Әлеуметтік желіде жайсыз ақпарат тарап жатыр.

Алматыда көпірден автобус құлап кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматыда көпірден автобус құлап, төменгі жолда кетіп бара жатқан жолаушылар көлігін басып қалған. Оқиға куәгерінің айтуынша, автобус жүргізушісі тізгіндеген жолаушылар көлігінде өзінен басқа ешкім болмаған. Ал Sprinter көлігіндегі адам саны бойынша әзірге мәлімет белгісіз.