Ақтөбеде электронды темекі сатушылар ұсталып жатыр
Ақтөбеде полиция электронды темекі сатушыны ұстады.
11 қыркүйекте полиция қызметкерлері сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ер адам өзінің сауда қызметін Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырған. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі.
Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.