«Менің ең сүйікті жыл мезгілім»: Жұлдыз Әбдікәрімова табиғат аясында жүрген видеосын жариялады
Қайрат Нұртастың жұбайы әлеуметтік желіге видео жүктеді.
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сүйікті жыл мезгілі жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Күз… Атырап алтын жамылып, қамбаға дән толып, үйдің іші жылып, далада салқын жел тұратын мезгіл. Ақынға қалам тербетіп, суретшінің қиялына шабыт беріп, адамдар үйден қолшатырмен шығатын мезгіл. Балалар мектепке жиналып, әжелер ет сүрлеп, құстар жылы жаққа кететін мезгіл. Әрі қарай Сіз жалғаңызшы», - деп жазды әнші.