Жаңалықтар

Ашыртмалы аба гюрешинен 3 қазақстандық спортшы күміс жүлде иеленді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашыртмалы аба гюреши сайыстары аяқталды.

Түрік халқының ұлттық ойындарының бірі ашыртмалы аба гюрешинен қазақстандық 3 спортшы финалға жолдама алып, алтын жүлдені сарапқа салды.

Өкінішке қарай, ақтық сында 3 отандық балуан қарсыластарынан жеңіліс тапты.

1.            Ернұр Сүлеймен – күміс жүлде (60 келі)

2.            Әділет Ахметғали – күміс жүлде (70 келі)

3.            Айдос Ғалымов – күміс жүлде (90 келі)

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашыртмалы аба гюрешинен 19 мемлекеттен 74 спортшы бағын сынаған болатын.