Есірткі сатып, 40 мың теңге табыс тапқан жігіт 10 жылға сотталды
Петропавл тұрғыны табыс табамын деп, темір торға түсті.
22 жастағы жігіт сәуір айында есірткі сататын интернет-дүкенге жұмысқа тұрған. Ол бір айға жетер-жетпес уақыт жұмыс істеп, 40 мың теңге тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осыдан кейін оны құқық қорғау қызметкерлері ұстады. Одан синтетика тәркіленді.
«Электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланып сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бойынша тергеу материалдары сотқа беріліп, күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды»,-делінген ІІМ хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.