«Бөлек адам»: Әнші Бүркіт Мақпал Жүнісова туралы айтты (ВИДЕО)
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісовамен түскен суретін жариялап, жазба жариялады.
Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Сейітов өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді. Ол эстрада жұлдызын өзі үшін орны бөлек адам екенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісовамен түскен суретін жариялап, жазба жариялады.
«Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам», - деп жазды Бүркіт.
Еске сала кетейік, бұған дейін өнер иесі өзін «әнші емес, алқаш» деп атайтындарға реніш білдіріп, желіге видео жариялаған болатын. Кейін әнші аз уақыттан соң оқырмандардың өтініші бойынша, видеоны өшіріп тастағанын мәлім етті.