Жаңалықтар

Халықтық штаб өкілдері жезқазғандықтармен кездесті

Жиынға қатысушылармен АЭС тақырыбында сөз қозғалып, пікірталас орнады.

Ұлытау облыстық Халықтық штаб мүшелері Ерлан Мырзабеков,  Ақылбек Аманов, Бақытбек Төрежанов, Абзал Жиенбаев, Базаркүл Үмбетова 6 қазан болатын референдумның маңызын туралы айтты. 

Халықтық штаб төрағасының орынбасары Ерлан Мырзабеков Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанын ерекше атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді екені жасырын емес. Дегенмен, бұл моделмен жұмыс істеу арқылы станциялардың тозу деңгейі өте жоғары,  екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсіп отыр.  Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Ал, АЭС көмір, мұнай сияқты дәстүрлі отындарды жағып шығармайды, сондықтан парниктік газдардың шығарылуын едәуір азайтады. Бұл климаттың өзгеруін тежеуде маңызды рөл атқарады»,- деді Ерлан Батырбекұлы.

Ал, Ақылбек Аманов Мемлекет басшысының осындай жауапты да күрделі мәселені жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы шешуінің өзі пайымды сараптаудың нәтижесі деген ойды ортаға салды. Сондай-ақ, депутат атом электр станциясы құрылысының оң тұстарын түсіндіріп, кездесуг келушілерді қазанның 6-сы өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Қала тұрғындары атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері туралы мағлұматтарға қанық болып,  өздерін алаңдатқан сауалдарға жауап алды.