Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

12 қыркүйек, 2024 / Анель Жарылғасын
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды.

Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді.

Айта кетейік, Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Тэгтер:

Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойыны көкпар