Жаңалықтар

Семейде 106 тақтайшаға Сәкен Сейфуллиннің тегі қате жазылған

istockphoto.com

Көшелерге ілінген тақтайшаларда жазушының тегінде екі «л» әрпі орнына біреуі ғана болған.

Семейде жаңадан орнатылған мекенжай белгілерінде Сәкен Сейфуллиннің тегі қате жазылған. Аталған жағдайға қатысты қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Arnapress.kz басылымына сілтеме жасап.

Көшелерге ілінген тақтайшаларда жазушының тегін екі «л» әрпі орнына біреуі ғана болған. Ведомстводан хабарлағандай, анықталған қатені жою туралыүшін  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хат жолданған.

«Семей қаласында Сейфуллин көшесіне жаңадан сатылған маңдайшаларды орнату кезінде техникалық қате анықталды, яғни әдебиет қайраткерінің аты-жөні қате жазылған. «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай ауданы «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген қатені жою туралы хат жолдады», - делінген ведомство хабарламасында.