Жаңалықтар

Әскери қызметкер сот арқылы қызметтік үйін сатып алды

Астана соттары

Сот тұрғын үйді сатып алу құқығын қалпына келтірді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚМ) бұйрығымен 2008 жылы талапкер Ж. әскери қызметтен запасқа шығарылған. Ол әскери қызметте 38 жыл еңбек еткен.

2023 жылдың қарашасында талапкер Ж. Өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үйді сатып алу туралы өтінішпен тұрғын үй комиссиясына жүгінген.

Комиссия оның бұрын басқа қалада ҚМ арқылы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын пайдаланғанын көрсетіп, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Талапкер жаңа қызметтік тұрғын үйді қайта жекешелендіру құқығына ие әскери қызметші екенін көрсете отырып, өзінің талабында комиссияның шешімімен келіспейтінін көрсеткен.

Сот талапкердің ҚМ орталық аппаратының қызметкері ретінде Астананың Алматы қаласынан Ақмолаға ауысына байланысты қоныс аударғанын және ол тағайындау бұйрықпен расталатынын анықтады.

Қазіргі уақытта талапкер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар тұлға болып табылады және даулы пәтерде әлі күнге дейін тұрып келеді.

ӘРПК қағидатына сәйкес Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі ҚР заңдарында қорғалады. Талап қоюшыны қайта орналастырылған қызметкерлер арасында жіктеу оның сенімге деген құқығын растайды.

ӘРПК-нің 10-бабына сайкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорционалды болуы тиіс.

Осыған байланысты талап қою қанағаттандырылып, сот жауапкерді талап қоюшының қызметтік тұрғын үйін жекешелендіру туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.