Жаңалықтар

Күзет қызметкерлері АЭС салуды қолдайды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабтың мүшелері ҚР ІІМ «Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп АЭС құрылысына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанда қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жаңа буын III немесе III + атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондықтанда қауіпсіздік бойынша үрейленуге негіз жоқ деуге болады»,- дейді штабтың мүшесі Осипов Михаил Анатольевич.

Қазақстанда АЭС салу атом индустриясын дамыту үшін және тұтастай алғанда бүкіл экономика үшін мүмкіндіктер ашады. Станцияның 1000 МВт жұмысы көмірқышқыл газының шығарындыларын 7 миллион тоннаға дейін төмендетеді. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Маңызды фактор-генерацияның тұрақты төмен құны және 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуі.