Қар, жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасының төмендеуі күтілуде.
Кең антициклон республиканың көп бөлігінде сақталып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етсе де, оны солтүстік суық ағындары толтыра бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөлімдері әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін, - делінген хабарламада.