Елбасы: Атамбаевтың айтқанына көңіл аудармау керек

Елбасы: Атамбаевтың айтқанына көңіл аудармау керек

Елбасы: Атамбаевтың айтқанына көңіл аудармау керек
ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың "2010 жылдары Қазақстанның оқшаулануынан адамдар құрбан болған" деген сөзіне қатысты пікірін білдірді.

Елбасы Абайдың сөзін еске ала отырып, қазақтар мен қырғыздар туған бауырлар екендігін айтты.

"Біз көрші тұрамыз. Президенттер мен мемлекет басшылары кетеді, ал біздің халқымыз болса қалады. Сондықтан бұған аса көңіл аудармау керек. Оларда қазір сайлау болып, барлығы өзгеріп жатыр", - деп айқындады Назарбаев. Президент 2010 жылы Қырғызстандағы оқиғаларға байланысты қазақстандық шекаралардың жабылғандығы туралы да сөз етті. "Мемлекеттің заңды президентін қудалап, елден шығарып жіберген уақытта абақтыда қамалғандар да босатылды. Олар бізге қарай бағыт алып келетін болған соң, әрине, біз шекараны жаптық. Болашақта мұндай жағдай қайталанып жатса, біз шекараны тағы да жауып тастаймыз. Бұндай жағдайда қандай мемлекет шекарасын жаппайды? (...) Сондықтан бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ. Бар мәселе Қырғызсатндағы болған жағдайға қатысты еді", - деді Мемлекет басшысы.