Жаңалықтар

Байқоңырдан «Союз МС-26» ғарыш кемесі ұшырылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылған.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы пилоттық «Союз МС-26» ғарыш кемесімен ұшырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «Роскосмос» арнасы жазды.

«Союз» ғарыш кемесі Астана уақыты бойынша 21:23-те Байқоңырдан ұшырылған. Экипаж құрамында Алексей Овчинин, Иван Вагнер және Дональд Петтит бар.

Кеме белгіленген орбитаға шығарылып, зымыранның үшінші сатысынан ажырау, антенналар мен күн батареяларының панельдерінің ашылуы жоспарға сәйкес өткен.

Ведомство мәліметі бойынша кеменің «Рассвет» модулімен түйісуі Астана уақытымен 00:33-те болады деп жоспарланған.