Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Ұлттық құрама үш күнде 69 медаль иеленді

сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан құрамасы алдыңғы қатардан көрінді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы үш күннің қорытындысы бойынша алдыңғы шепте келе жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды.

Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар.

Медаль саны бойынша көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан үштікке кіріп тұр.