Павлодарда ірі сауда орталығы өртке оранды

11 қыркүйек, 2024 / Админ
Павлодар облысының ТЖД
Ғимараттан 150 адам эвакуацияланды.

11 қыркүйек күні Естай көшесінің бойында орналасқан сауда орталығы өртке оранған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Квазар» сауда үйінен өрт шыққаны туралы ақпарат 13:38-де түскен.

«Бутиктердің бірінде электр сымдары жанған. Жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілген», - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Алайда ғимаратты түтін басқан Құтқарушылар 150 адамды сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Павлодар өрт сауда орталығы