Қоғам

Астаналық оқушы мектеп маңындағы бос тұрған ғимараттан өлі табылды (ВИДЕО)

скриншот

Қыздың мәйіті кеше, 10 қыркүйек күні табылған.

Елордада №5 мектеп-гиназиясының жанында қаңырап бос тұрған ғимараттан14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Қыздың мәйіті кеше, 10 қыркүйек күні табылған.

«2024 жылдың 10 қыркүйегінде қыз баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Оның бойынан ұрып-соғудың белгілері табылған жоқ. Бірақ, оның өлімі неден болғаны анықталып жатыр. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаменті.