Жаңалықтар

Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов дәстүрлі садақ атудан жүлдеге таласады

Дәстүрлі садақ атудан «Жамбы» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов финалдық кезеңге шықты.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды. Бүгін «Жамбы» нысанасы бойынша (30 метр) жарыс өтіп жатыр. Ерлер арасында Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов финалдық кезеңге шықты. Финал сағат 16.40-та басталады.

Осыған дейін «Пута» нысанасы бойынша әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды. «Қалқан» нысанасы бойынша өткен жарыста Қасымхан Қанат қола жүлде алса, Ербол Тапенов күміс жүлде иеленді.