Қоғам

Алматы облысында өзеннен 4 жастағы баланың мәйіті табылды

instagram/roso_kazakhstan

Шамалған станциясы арқылы өтетін өзенде 2020 жылы туған ұл бала өзенге ағып кетті.

Алматы облысы Шамалған станциясы арқылы өтетін өзенде 2020 жылы туған ұл бала өзенге ағып кетті. Бүгін құтқарушылар бүлдіршіннің денесін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

«РЖҚЖ жедел тобы баланың денесін 3 сағаттық іздеуден кейін, болжамды ағу орнынан төрт шақырым төмен жерден тапты», - делінген ресми хабарламада.

Қайғылы жағдайдың басқа мәліметтері әзірге белгісіз.