Қарағандыда адасып кеткен 83 жастағы қария табылды

11 қыркүйек, 2024 / Ақбота Әбілтай
112
1941 жылы туған әйел адам 9 қыркүйек күні саяжайдан қайтып келе жатып, адасып кеткен.

Ол Шахтинск қаласының қасындағы Новодолинский ауылына өз бетінше жете алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz

Қарағанды облысының құтқарушылары бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қарияны ауылдан 4 шақырым жерден тапқан.

Қария елді-мекенге жеткізіліп, дәрігерлердің қолына тапсырылды. Жағдайы қанағаттанарлық.

 

 

Тэгтер:

Қарағанды құтқарушылар