Жаңалықтар

Сарыағаш тұрғынының үйінен арыстан мен жабайы құстар табылды (видео)

видеодан скриншот

Ер-азамат жануарлар мен құстарды өз қажеттілігі үшін асырағанын айтқан.

Түркістан облысында Полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданында тұратын азаматтың үйінің ауласынан арыстан, сұңқар, екі бүркіт, екі жапалақ, екі кекілік тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласының хайуанаттар бағына орналастырылған.

Қазір сирек кездесетін жануарлар мен құстарды заңсыз ұстау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.