Жаңалықтар

Қазгидромет алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады

istockphoto.com

6 қалада ауа сапасы нашарлайды

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

11 қыркүйекте түнде Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Семей, түнде Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.