«Алла жазасын берсін!»: Дәулет Мұқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

11 қыркүйек, 2024 / Нұрлан Әлинұр
фото: әлеуметтік желіден
Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз! Алданбаңыздар! – деді ол

Біздің елде экономикаға қарағанда санасыздық, алаяқтық өсіп жатыр, деп налыды Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев. Себебі алаяөтар оның жеке құжатының көшірмесін жасап, жұртқа ақшаға ұтыс ойнату жөніндегі хат жіберіп жатыр екен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Депутаттың өзі Instagram-дағы парақшасында ешкімнің жеке куәлік үшін суретке мандаттық төсбелгісімен, қырын қарап түспейтінін ескертті.

Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз! Алданбаңыздар! Мен ештеңе ойнатып жатқаным жоқ. Барлығы – алаяқтар! – деп жазды ол.

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев өз аты-жөнін жамылғандарға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Алладан қорықпайтындарға Алла жазасын берсін! - деп түйіндеді ол сөзін.

Тэгтер:

депутат Дәулет Мұқаев