Екібастұзда 6 жастағы баланың басы қоршауға қысылып қалған
Екібастұзда құтқарушылар алты жасар балаға көмектесті.
Олар баланың басын баспалдақ қоршау арасынан босатып, шығарып алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде баланың басы баспалдақ қоршауы арасында қалып қойған.
– Келген құтқарушылар «Холматро» гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен баланың басын босатып, шығарып алды. Құтқару операциясы 10 минутқа созылды, – деді ведомствода.