Жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшылары мас-рестлингтен төрт қола жеңіп алды

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар жалпы есепте төрт қола жеңіп алды.

Бүгін ерлер арасында 105 келі салмақта Еркебұлан Ерлан мен 75 келі салмақта Ольга Душаева қола жүлдегер атанды.

9 қыркүйекте 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленген енді.

Мас-рестлингтен Қазақстан намысын 8 спортшы қорғады.