Жаңалықтар

Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан қола медаль алды

Туризм және спорт министрлігі

Ол осыған дейін «Пута» нысанасы бойынша қола жүлдеге ие болған еді.

Дәстүрлі садақ атудан «Қалқан» нысанасы бойынша Қасымхан Қанат қола жүлдеге ие болды.

Бүгін «Қалқан» нысанасы бойынша өткен жарыста Қасымхан Қанат қола жүлдеге ие болды. Ол осыған дейін «Пута» нысанасы бойынша қола жүлдеге ие болған еді.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.