Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен бес спортшы алтынға таласады
Бұған дейін қазақ күресінен қазақстандық сегіз спортшы алтын жүлдеге ие болды.
Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ерлер: Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді.
Әйелдер: Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық сегіз спортшы алтын жүлдеге ие болды.