Жаңалықтар

Ербол Тапенов пен Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалға шықты

Дәстүрлі садақ атудан «Қалқан» нысанасы бойынша Ербол Тапенов пен Қасымхан Қанат финалға шықты.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды. Бүгін «Қалқан» нысанасы бойынша (ерлер – 60 метр, әйелдер – 50 метр) жарыс өтіп жатыр. Ерлер арасында қазақстандық Қасымхан Қанат пен Ербол Тапенов финалға шықты. Финал сағат 16.00-де басталады.

Кеше «Пута» нысанасы бойынша әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.