Жаңалықтар

Бесасықтан әйелдер құрамасы финалға шықты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей ақтық кезеңге жолдама алды.

«Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті. Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін де 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. Финалдық ойында отандық асықшылар Ресей спортшыларына қарсы өнер көрсетеді.