Жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов экс-жұбайына алғыс білдірді

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейітмағамбет. Фото: әлеуметтік желі

Ақбота-Нұр Қазақстандағы ең үздік үш актерді атады. Олардың қатарында  Дәурен Айдарқұлов та бар.

Танымал актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелі, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбетке ризашылығын білдірді.

Ақбота-Нұр Қазақстандағы ең үздік үш актерді атады. Олардың қатарында  Дәурен Айдарқұлов та бар.

«Мен үшін үздік үш актер: Дәурен Айдарқұлов, Шакенти-Шако және Елдос Шайкенов», – деді актриса.

Ал Дәурен Айдарқұлов видео жазбаның астына жүрекжарды лебізін жазып, алғысын білдірді.

«Рақмет, жылы сөздерің үшін! Осындай қолдау шабыттандырады және алға ұмтылуға күш береді. Сенің талантың ерекше және әр жобаңда осыны дәлелдеп келесің. Саған да тек сәттілік тілеймін!», – деп жазды актер.