Жаңалықтар

Жанқош Тұраров ешқашан жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасатын болды

Ғаламтор

33 жастағы танымал боксшы Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйекте кіммен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды.

Ол ешқашан жеңіліп көрмеген, нокаутпен аты шыққан венесуэлалық боксшы Хесус Корреа Пинтомен кездеседі. Боксшылардың жекпе-жегі «Almaty Arena» стадионында өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хесус Пинто бұған дейінгі жекпе-жектерінің бәрін уақытынан бұрын аяқтаған.

Жанқош Тұраров бұл жолы IBO World және WBA World Gold титулдарын қорғайды.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол соңғы жекпе-жегінде  жапондық Ахикиро Конданы ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.