Спорт

Боксшы Алина Құдайгенова Азия чемпионы атанды

Olympic.kz

Спортшымыз 2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында чемпион атанды.

Бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында кезекті жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Спортшымыз 2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында чемпион атанды. 63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. 

Төрт спортшымыз финалда сүрініп, күміс медаль иеленсе,  алты спортшымыз қола медальді қанағат тұтты.

Күміс жүлдегерлер:

48 келі. Айым Танкибаева

60 келі. София Ващенко

75 келі. Зарина Толыбай

+80 келі. Сабина Жақсылық

Қола жүлдегерлер:

46 келі. Мадира Жұмахан

52 келі. Жамиля Болатбекқызы

57 келі. Айғаным Қадырхан

66 келі. Айсұлу Мұхит

70 келі. Камила Оспанова

80 келі. Айдана Убайдұллақызы

Аға бапкер - Айбек Әбілда