Жаңалықтар

«Белгілі дзюдошы»: Ақмарал Науатбектің жұбайы кім?

Әлеуметтік желі

Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан әйелдер арасындағы тұңғыш чемпион атанған Ақмарал Науатбектің аяулы жар, ибалы келін екені белгілі болды.

Ақмарал Науатбек -  2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы Мәди Амангелдінің жары, деп жазады jambylinfo.kz.

Жастарды спорт таныстырып, табыстырған. Олар 2022 жылы шаңырақ көтерген

Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады.

Спортшылар әр жарыста бір-бірін қолдап, жанкүйер болады.

Мәди Амангелді жары Париж төрінде белдескенде қасында болған.

Бүгінгі таңда махаббат қаласы Парижде жүрген ғашықтар әлеуметтік желідегі парақшаларына суреттерін жүктеген.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысы, Жуалы ауданында 1999 жылы өмірге келген.