Астанадағы концертке асыққан Ниязымбетов алтынға таласу мүмкіндігінен қағылды

Астанадағы концертке асыққан Ниязымбетов алтынға таласу мүмкіндігінен қағылды

Астанадағы концертке асыққан  Ниязымбетов алтынға таласу мүмкіндігінен қағылды
ашық дереккөзі

Германияда бокстан өтіп жатқан «Chemistry Cup» турнирінде Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға қатысқан жоқ. Қазақ боксшысының жарыстан бас тарту себебін ҚазАқпарат хабарлады. 

Рио Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысып жатқан Әділбек кездесулерін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алған болатын. Алайда, белгісіз себептермен боксшымыз шаршы алаңға шықпай қалды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Әділбекті Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойына орай өтетін іс-шараға қатысу үшін  шұғыл түрде елге шақыртқан. Осылайша, бапкерлер турнирдің алтынына үмітті боксшыға билетін алып беріп, елге қайтаруға мәжбүр болған. Еске сала кетейік, Әділбек Ниязымбетов  екі рет Олимпиада финалына шығып, екеуінде де күміс жүлде иеленді. Үшінші Олимпиадасына қатысуға үмітті боксшы бүгінде ұлттық құраманың капитаны атанған.