Спорт

Қазақстанның Ұлттар лигасындағы екінші матчы сәтсіз аяқталды

Сырт алаңдағы ойында Қазақстан ұлттық құрамасы ойсырай жеңілді.

Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Словения футболшыларымен бақ сынасты, деп жазды turkystan.kz.

Словениямен Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі мәрте кездесіп, екеуінде де жеңіліп қалған еді. Осы жолы отандастарымыз сол кездегі есені қайтаруға қанша тырысқанымен алаң иелеріне қайран қыла алмады. Сырт алаңда өткен ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.