Қоғам

«Өзім аң-таңмын»: Мырзағали Айтжанов «танымал боксшыға қызын тұрмысқа берді» деген ақпаратқа пікір білдірді

фото: olimpic.kz

Мырзағали деген өзімнің аттасы інім тойға шақырған

Желіде "боксшы Махмұд Сабырхан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың қызына үйленді" деген ақпарат тарады. Бапкер бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат салдарынан туыстары мен достары тарапынан сұрақтың астында қалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мырзағали Айтжанов қызының танымал боксшыға тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат жалған екенін Берік Сұлтан есімді Instagram қолданушысының парақшасында айтты.

"Құда болғаныңыз құтты болсын дейін десем, ақпарат жалған екен. Бүгін түске дейін адамдарға жауап берумен болдым десеңізші", - дейді видео авторы.

Бапкердің айтуынша, оған бұл жаңалықты жақындары жіберіп, сұрақтың астына алған. Алайда Айтжанов боксы Махмұт Сабырхан өзімен аттас інілерінің бірінің қызына үйленгенін, өзі де ұзату тойының куәгері болғанын айтты.

"Иә, көпетеген адам жаңалықты жіберіп жатты. Өзім аң-таңмын. Бірақ тойда болдық. Мырзағали деген өзімнің аттасы інім тойға шақырған. Соның қызының ұзату тойына барып, тілегімізді айтып қайттық. Өзімізге жақын шәкірттеріміздің бірі Махмұд үйленді. Жұрттың бәрі шатасып, Махмұд менің қызымды алды деп жатыр. Өзім жақсы көріп, жақын араласатын інім ғой Мырзағали Есқұлов деген жігіт", - деді бапкер өз сөзінде.

Видео авторының айтуынша, Мырзағали Айтжановқа достары мен жақындары хабарласып, мән-жайды сұраған. Бапкер түске дейін WhatsApp желісінде көпшілікке ақпараттың жалған екенін жазып, жауап беріп отырған.