Жаңалықтар

«Екі алтын, екі қола!»: Қазақстандық төрт спортшы Көшпенділер ойындарында жүлдегер атанды

Айжан Жылқыбаева

Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрт бірдей спортшымыз жүлде алды.

Алғашқы алтынды қазақ күресінен 48 кг салмақта Айжан Жылқыбаева қоржынға салды. Ол қарсыласы қырғызстандық Луиза Асакееваны таза жеңіспен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz

Екінші алтынды аударыспақтан Ермек Құралбай еншіледі.

Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан дәстүрлі садақ атудан қола жүлдені қанжығалады.

Осылайша ел қоржынында екі алтын, екі қола бар.

Құтты болсын, қазақ елі!

Айкөркем Батихан

Қанат Қасымхан