Ашхабад полициясы "нашар" киінген адамдарды қаладан қуып жатыр

Ашхабад полициясы "нашар" киінген адамдарды қаладан қуып жатыр

Ашхабад полициясы "нашар" киінген адамдарды қаладан қуып жатыр
ашық дереккөзі
Ашхабад полициясы көшеде қалай болса, солай киінген ұқыпсыз адамдарды ұстап жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Түркіменстан қызметі хабарлады.  Түркіменстанда  ұсталған азаматтардың жеке куәліктерін арнайы қызмет өкілдері тексеріп, астаналық тіркелу құжаты болмаған азаматтарды келген аймақтарына қайтарып жатқан көрінеді.
Мемлекеттің басқа аймақтарында тұратын азаматтарға ел астанасына келіп, жұмыс істеуге 2015 жылдан бері тыйым салынған. Ашхабад билігі облыстық нөмірі бар автокөліктерге де кіруге рұқсат бермейді. Тәртіпті бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады. Сонымен бірге президенттің жарлығы бойынша, облыс тұрғындары еңбек етуге ресми рұқсат алғаннан кейін барып, жұмысқа алынады. Ашхабадта кезекті тексеру шаралары биыл қыркүйек айында елде өтетін Азиада-2017 халықаралық спорт жарысы қарсаңында басталған.