Жаңалықтар

«Әпкем хабарласты»: Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады

Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты, - деді Мақпал Жүнісова

Халық әртісі Мақпал Жүнісова бүгін таңертең жариялаған видеосындағы сөздеріне қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі ауырып тұрып, видео жарияласа да «ішіп алған» деп кінәлайтындар туралы айтып, ел алдында сырын ақтарған еді.

«Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім болғанына өкінемін» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын!», – деді әнші.

Айта кетейік, Бған дейін өнер иесі өзін «әнші емес, алқаш» деп атайтындарға реніш білдіріп, желіге видео жариялаған болатын. Кейін әнші аз уақыттан соң оқырмандардың өтініші бойынша, видеоны өшіріп тастағанын мәлім етті.