«Әнші емессің, алқашсың дейсіздер»: Мақпал Жүнісова тыңдармандарына ренішін айтты
Өнер иесі өзін «әнші емес, алқаш» деп атайтындар жайлы айтты.
«...Мен қырылдап тұрсам ішіп алды дейсіздер, ауырып, дауысым бұзылып кетсе, тағы да ішіп алды дейсіздер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағым мен шайымды ішіп, үйімді жөндеп жүрген әйелмін. Әйел емес, қатынмын. Ал, түсініп алыңдар», - дейді ол.
Өнер иесі өзін «әнші емес, алқаш» деп атайтындар да барын айтты.
«Жалпы мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда санда санда бұзып қой» деген сияқты бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз «оңбаған, әнші емес алқашсың» дейсіздер», - дейді әнші.
Айта кетейік, әнші әлеуметтік парақшада жариялаған видеосын көп уақыт өтпей әрі оқырмандардың өтініші бойынша, өшіріп тастағанын мәлім етті.