Бір-ақ күн демалған: Қытайда 104 күн тоқтамай жұмыс істеген ер адам қаза тапты
Бұл оқиға Қытайдағы шамадан тыс жұмыс істеу мәдениетіне қайта назар аудартты.
Қытайдың шығысында 30 жастағы ер адам 104 күн қатарынан жұмыс істеп, тек бір демалыс алғаннан кейін ағзаларының істен шығуы салдарынан қайтыс болды. Бұл оқиға Қытайдағы шамадан тыс жұмыс істеу мәдениетіне қайта назар аудартты, деп жазды SCMP.
Шектен тыс жұмыс оның иммунитетіне ауыр соққы болып, жігіт инфекция жұқтырып, органдары істен шыққан.
Жұмыс беруші жұмыс жүктемесі қалыпты болды деп мәлімдесе де, сот қызметкердің жағына шығып, отбасысына ¥400,000 (шамамен 5 миллион теңге) өтемақы төлеуді міндеттеді.
Белгілі мәліметке сүйенсек, ол суретші болып жұмыс істеген.