Жаңалықтар

Оралда полиция 6-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

видеодан скриншот

Оқиға Самал көшесіндегі 9 қабатты үйде болған.

Куәгерле 6-қабаттың терезесінде отырған әйелді көріп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына үш полицей келіп, әйелді құтқарып алған.

«Бастапқыда полиция қызметкерлері әйелмен сөйлесуге тырысты. Бірақ одан нәтиже болмайтынын түсініп, подъездге кіріп, алтыншы қабатқа көтерілді. Қажетті пәтерді тапқан соң, есігін бұзып, ішке кіріп, әйелді дереу терезенің алдынан ішке кіргізіп алды»-делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция әйелді дәрігер мамандардың қолына тапсырған.