Стамбұлда жойқын жарылыс жасамақ болған өзбекстандықтар ұсталды

Стамбұлда жойқын жарылыс жасамақ болған өзбекстандықтар ұсталды

Стамбұлда жойқын жарылыс жасамақ болған өзбекстандықтар ұсталды
ашық дереккөзі
Стамбулда ірі теракт жасамақ болған "Ислам мемлекеті" тобының екі жақтасы ұсталған. Олар 2017 жылдың 1 қаңтарында Reina клубында болған қанды оқиғаға ұқсас шабуылға дайындалған. Бұл туралы CNN Turk басылымына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 
Өзбекстанның екі азаматы ұсталған. Олардан қару-жарақ, жарылғыш құралдар тәркіленген. Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, олар Стамбулда туристер көп жүретін жерлердің бірін таңдап, дайындық жүргізген. 1 қаңтарда Reina клубына жасалған шабуылдан 39 адам қайтыс болып, 69 адам жараланған. Түнгі клубта сол уақытта 600-ге тарта адам болған. Кейін шабуылды жасады деген Өзбекстан азаматы Абдулкадыр Машарипов ұсталды. "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Стамбулдың түнгі клубындағы шабуылды мойындарына алған.