Сарбаздың өлімі: командир қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды
Мемлекеттік органның мәліметінше, 2024 жылы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтаудағы "Оймаша" полигонының аумағындағы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі қатардағы Б.-ға ПМ табельдік тапаншасынан оқ атты. Салдарынан сарбаз қайтыс болды.
«Сол күні Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі). Тергеу органы күдіктіні Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұстады және Ақтау АӘК-не қамауға алды. Қылмыстың себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.
Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды.
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.